ақпарат
-
-
Сыбайлас жемқорлық мемлекет имиджіне қалай әсер етеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сауалға бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінде өткен онлайн брифингінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы дипломатия институтының директоры, еліміздің бірінші Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов айтты.
28.10.2020
-
БЖБ мен ТЖБ. Оқушыға салмақ түсірмеу керек - БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова тоқсандық жиынтық бақылау қатысты өткен брифинг кезінде айтты.
28.10.2020
-
Қазақстанда «музыкалық жол» пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Нұр-Сұлтан-Шортаңды» автомобиль жолында музыкалық шу жолақтарын орнатты. Мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отырғанын айтып өткен жөн.
28.10.2020
-
Аса күрделі жағдайда ғалымдар мен профессорлар жамбылдық дәрігерлерге онлайн-кеңес береді
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тура сол бастапқыдай, «Коронавирустың екінші толқыны деген бос сөз» деп сақтық шараларын қаперден шығарып, еркінсіп кеткен сияқтымыз. Ал мамандар елде біраз уақыт қатер сейілгендей көрінгенімен, әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың алаңдатарлықтай жағдайда екенін айтады.
28.10.2020
-
Электрондық еңбек биржасында 176 мың вакансия орналастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың III тоқсанында Электрондық еңбек биржасында білікті қызметкерлер үшін 176 мың вакансия орналастырылған. Бұл II тоқсанға қарағанда 20,1 мыңға және I тоқсанға қарағанда 48,9 мыңға көп.
28.10.2020
-
Мəдениет министрлігі «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-мен меморандумға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Əділ Мұхамеджанов «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде меморандумға қол қойды.
28.10.2020
-
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 274 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 28 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады.
28.10.2020
-
Жаңа Алматы қалай абаттандырылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданына жұмыс сапары кезінде қоғамдық кеңістіктердің абаттандырылу барысымен және инфрақұрылымдық мәселелердің шешілуімен танысты.
28.10.2020
-
НУ профессоры қатерлі ісікке қарсы дәрі әзірлеуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық-америкалық биолог және Назарбаев Университетінің ғалымы Дос Сарбасов мутацияланған қатерлі ісік жасушаларын өздігінен жоюға мүмкіндік беретін дәріні әзірлеуді аяқтауда.
28.10.2020
-
Шетелдіктер «Борат-2» фильміне сеніп жүр - Польшада оқитын студент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Борат-2" фильмінің флешмобы әлем елдерін аралап кетті. Оны өз көзімен көрген Польшада оқитын қазақстандық студент қолынан келер қайран болмағанына өкінішін жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz.
28.10.2020
-
Аудандық мешіт ауруханаға тыныс алу аппаратын табыс етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Мәуліт – мейірім айы» акциясының аясында Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы «Ақтан» мешітінің бас имамы Мирас Көкебаев аудандық орталық ауруханаға 3 тыныс алу аппаратын табыс етті, деп хабарлайды ҚМДБ-ның ресми сайты.
27.10.2020
-
83 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов ұлды болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Былтыр тамызда өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдешті жар еткен әнші Нұрғали Нүсіпжанов ұлды болды. Бұл туралы zakon.kz жазды.
27.10.2020
-
Шешенстанда қарулы жасақ арасындағы атыстан 2 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шешенстанда ерекше мақсаттағы мобильді жасақ (ОМОН) пен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ (СОБР) арасында атыс болды. Екі адам көз жұмды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
27.10.2020
-
ШҚО-ның тағы бір ауылында жаңа жылу қазандығы салынады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Келесі жылы Глубокое ауданының орталығында жаңа жылыту қазандығы іске қосылуы мүмкін.
27.10.2020
-
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Бахты-Покиту» өткізу пункті ертең ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Бахты-Покиту» өткізу пунктінің жұмысы жүк тасымалдаушылар үшін 2020 жылдың 28 қазанынан бастап қайта жанданатын болады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
27.10.2020
-
Күмәнді сілтемелерді ашпаңыз: Интернет алаяқтарынан қорғанудың амалдары қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі деректері бойынша соңғы үш жылда Қазақстанда киберқылмыстар екі есе өскен. Егер 2018 жылы мұндай 4,2 мың қылмыс тіркелсе, ағымдағы жылғы 9 айда олардың саны 8,3 мың болған.
27.10.2020
-
Nur Otan қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыс форматына өзгеріс енгізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесі Сайлау туралы заңға сәйкес жұмыстың жаңа форматына көшті, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
27.10.2020
-
Омаров Тоқаевқа құс тұмауының таралуына қатысты проблема шешілгенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қабылдады, деп хабарланды Ақорданың ресми сайтында.
27.10.2020
-
Павлодар облысында дәрі-дәрмектің екі айлық қоры дайын
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындық аясында дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры дайын.
27.10.2020
-
Қандастардың арнайы қордан жер учаскесін алуға құқығы бар – Бимендина
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Гүлжахан Бимендина «Отандастар қоры» жанындағы қоғамдық комиссия отырысында айтты.
27.10.2020
Наверх