15-16 наурыз аралығында Тайань қаласында (Қытай) таеквондодан Азия іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан атынан төмендегі спортшылар сынға түседі:
57 келі: Мария Севостьянова
+67 келі: Жансель Дениз
58 келі: Самирхон Абабакиров
80 келі: Батырхан Төлеуғали
Айта кетелік, таеквондодан Олимпиада бағдарламасына сегіз салмақ дәрежесі енген. Алайда, әр команда тек төрт салмақта ғана спортшылар қоса алады.