Табиғи газға деген қызығушылық артып отыр – депутат

6 Маусым 2022, 10:42
1512
Бөлісу:
Табиғи газға деген қызығушылық артып отыр – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте газ саласын дамыту туралы Үкімет сағатында Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева елдегі газ саласын дамыту қажеттігін айтты.

Газ саласы – мемлекеттік бюджетті толықтыру көздерінің бірі. Осыған орай экономика мен әлеуметтік салада маңызды стратегиялық мәні бар екені түсінікті. Қазіргі уақытта бүкіл әлемде тиімді энергетикалық ресурс және аса құнды энергетикалық шикізат ретінде табиғи газға деген қызығушылық артып отыр, - деп атап өтті депутат.

Кесебаева атап өткендей, неғұрлым экологиялық таза отын ретінде де табиғи газ еліміздің отын энергетикалық теңгерімінің құрылымында үстем жағдайға ие.

Бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты – газ саласының қазіргі жай-күйін талдау. Оның ішінде өңірлерді газбен қамтамасыз етудегі негізгі проблемалар мен тәуекелдерді айқындау. Оларды шешу жөніндегі шаралар мен ұсынымдар дайындалады. Қазіргі уақытта газ саласын дамытуды жоспарлаудың жүйелі тәсілін қолдану аса өзекті болып отыр. Бұл тәуекелдерді азайтып, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді, - дейді Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Үкімет сағатында.

Мәжіліс депутаты Үкімет елдің газ саласын тиімді дамытуды қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы