Соңғы жылдары пайдалы қазбалардың көптеген түрі бойынша жаңа қорларды ашу жұмыстары мардымсыз жүріп жатыр. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан минералдық-шикізаттық ресурстардың саны мен түрі жағынан әлемде жетекші орындардың қатарында. Дегенмен, біздің еліміз осы табиғи артықшылықты толықтай пайдалана алмай отыр. Соңғы жылдары пайдалы қазбалардың көптеген түрі бойынша жаңа қорларды ашу жұмыстары мардымсыз жүріп жатыр, - деді Үкімет басшысы.
Оның мәлімедеуінше, таяу онжылдықта Шығыс Қазақстанда Орлов, Малеев, Тишинское және Риддер-Сокольное сияқты ірі металл кен орындары игерілетін болады. Өнеркәсіптік шикізатқа сұраныстың өсуі жаңа кен орындарын іздеп-тауып, минералдық-шикізат базасын кешенді дамытуды талап етеді.
Сонымен қатар Смайылов осы жағдайды ескере отырып, геологиялық барлау саласына инвестициялар тарту үшін тиісті жағдай жасау қажет екенін атап өтті.