Тұтынушыларға туристік турлар үшін 24 млн теңге қайтарылды

16 Шілде 2020, 14:15
1536
Бөлісу:
Тұтынушыларға туристік турлар үшін 24 млн теңге қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өтініш көп жағдайда 14 күн ішінде тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту, тауардың сапасыздығы, қызметтердің дұрыс орындалмауы, алаяқтық себептеріне байланысты жазылады, деп хабарлайды Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті.

Соңғы бір жылда аумақтық департаменттер орындалмаған туристік турлар үшін жалпы сомасы 24 158 466 теңге ақшалай қаражатты қайтару бойынша 85 өтінішті қарады, оның ішінде 4 250 202 теңге қайтарылды, сондай-ақ, кейбір өтініштер бойынша тараптардың күнді ауыстыру туралы уағдаластығына қол жеткізілді. Ең көп таралған туристік бағыттар Түркия, Египет, Еуроодақ елдері, сондай-ақ, ішкі туризм бойынша Алматы және Түркістан облысы.          

2020 жылдың есепті кезеңінде өтпеген іс-шара үшін жалпы сомасы 615 620 теңгеге 29 билет бойынша өтініштер келіп түсті, оның ішінде 11 тұтынушының шағымдары бойынша 339 620 теңге қайтарылды. Қалған 4 шағым бойынша жұмыс жүргізілуде. Билеттер Нұр-Сұлтан қаласындағы Успенскаяның, "Руки Вверх!" тобының концерттеріне, Белгородтағы "Халық шығармашылығы" фестиваліне, "Астана – Опера" театрының қойылымдарына және басқа да іс- шараларға сатып алынды, - деп хабарлады комитеттен.
Мейрамханаларда, дәмханаларда және т.б. орындарда әр түрлі отбасылық мерекелердің, өткізілмеген тойларына қаражат қайтару мәселесі бойынша өтініштердің саны жалпы сомасы 7 544 000 теңгеден астам 47 өтінішті құрады. Оның ішінде 5 030 000 теңге сомасына қайтару жүзеге асырылды, қалған өтініштер бойынша сот органдарына жүгіну ұсынылды.
Айта кететін жайт, соңғы шамамен жарты жылдың көлемінде тұтынушылардың құқығын қорғауға Телеграм-бот көмек беріп келеді. Ол тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңның нормаларын түсіндіріп, комитеттің аймақтық департаменттері жайлы ақпаратпен бөліседі. Шағым түсіруге ыңғайлы болу үшін тұтынушы бот арқылы өзіне қажетті саланы таңдап (сауда-саттық, қаржылық, медициналық қызмет түрлері, т.б) , өз сұрағыны немесе арызын қалдыра алады. Бот 24/7 жұмыс істейді, сондықтан сіз кез келген уақытты құқық бұзушылықтың ізіне түсіп, фото-видео жіберіп, шағым түсіре аласыз, - делінген хабарламада.
Кез келген тұтынушы шағымын Egov.kz электроны үкіметі сайтында немесе жедел желі арқылы қалдыра алады.



Өзгелердің жаңалығы