Төтенше жағдай: Тоқаев бірқатар тапсырма берді

17 Наурыз 2020, 14:05
1412
Бөлісу:
Төтенше жағдай: Тоқаев бірқатар тапсырма берді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы елде жағдайға байланысты бірқатар шараны қолға алуға тапсырды. 


"Бизнестің жол картасы – 2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында несиенің жоғары шегі 7 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Соңғы ставка 6 пайыз болады. Салалық шектеулер алынып тасталып, басымдыққа ие тауарлардың тізімі кеңейтіледі.

Үкімет және Ұлттық банк кәсіпкерлік субъектілерінің операциялық жұмыстарын қаржыландыруды қарастыратын жеңілдетілген несиелеу бойынша қосымша шаралар пакетін әзірлеуі керек, - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында. 

Мемлекет басшысы сонымен қатар ШОБ-тың әлсіз санатын, атап айтқанда сауда нысандарын, кинотеатрлар мен театрларды, көрмелер мен спорттық нысандарды салықтық тұрғыда жігерлендіру керектігін еске салды.

Маған түсіп жатқан көп өтінішке байланысты Үкімет туристік саладағы субъектілерді қолдау бойынша жігерлендіру шараларының пакетін әзірлеуі тиіс, - деп жазады мемлекет басшысы.

Төтенше жағдай кезеңінде жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарызы бойынша төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен жағдайда өсімпұл қосуға тыйым салынады. Агенттік пен Ұлттық банк дағдарыстан жапа шеккен жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес өкілдеріне төлем, сонымен бірге негізгі қарыз бен өсімпұл уақытын 90 күнге дейін ұзарту бойынша қосымша шаралар қабылдауы керек, - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.



Өзгелердің жаңалығы