Төтенше жағдай. Алматыда қылмыс екі есе азайды
28 Наурыз 2020, 18:30 982

Төтенше жағдай. Алматыда қылмыс екі есе азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаладағы қылмыстық ахуал тұрақты, қалада қылмыстың төмендеу үрдісі байқалады. Бұл туралы Алматы қалалық полиция Департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыс 57,4% төмендеді. Айта кету керек, біреудің мүлкін ұрлау 44,4% азайды.  Көшеде және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар саны 55,5% -ға азайды. 

Жедел штабтың бұйрығына сәйкес полиция қызметкерлері үстіміздегі жылдың 19 наурызынан бастап  карантиндік аймақтар-инфекция ошақтары қоршалды. Бүгінгі таңда қалада инфекция ошақтары бар, қоғамдық тәртіпті сақтауға 125 полиция қызметкері тартылған. Әрбір мекен-жайда полиция қызметкерлерімен бірге аудан әкімдіктерінің қызметкерлері және санитарлық-эпидемиологтар жұмыс істейді. Инфекция ошақтары мен бекеттерде қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді, - дейді Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Таймерденов.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...