Төтенше жағдай: 70-ке жуық халықаралық әуе рейстері тоқтатылды

16 Наурыз 2020, 19:31
2005
Бөлісу:
Төтенше жағдай: 70-ке жуық халықаралық әуе рейстері тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев елдегі төтенше жағдайлардың енгізілуіне байланысты қанша халықаралық әуе рейстері тоқтатылғанын айтты.

Бүгінгі күні елімізде коронавирустың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында ведомстаралық комиссияның шешімдеріне сәйкес аптасына ұшатын 49 тұрақты халықаралық рейс және 84 халықаралық рейс қысқартылды, - деді Берік Камалиев ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.  
Тоқтатылған рейстер қатарында; Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы барлық тұрақты рейстер (аптасына 34 рет);  Тегеран-Алматы бағыты бойынша Қазақстан мен Иран арасындағы барлық тұрақты рейстер (Mahan Air, аптасына 1 рет), Нұр-Сұлтан-Баку тұрақты рейсі (аптасына 3 рет); Биылғы жылдың 24 сәуіріне дейін Франкфурт - Алматы (Lufthansa, аптасына 4 рет) және Франкфурт - Алматы - Нұр-Сұлтан (Lufthansa, аптасына 3 рет) бағыттары бойынша 7 тұрақты рейс;  Нұр-Сұлтан-Париж бағыты бойынша Қазақстан мен Франция арасындағы тұрақты рейстер (Эйр Астана, аптасына 2 рет). 

Ал азайтылған рейстер қатарында Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Корея арасындағы 6 рейс (Эйр Астана: Алматы - Сеул, 5-тен 1-ге дейін және Нұр-Сұлтан - Сеул, 2-ден 1-ге дейін; Asiana Airlines: Алматы - Сеул, 2-ден 1-ге дейін) ;  Қазақстан мен Әзірбайжан арасында аптасына 9 рейс (Эйр Астана: Алматы - Баку, аптасына 3-тен біреуге дейін; SCAT: Ақтау - Баку, 7-ден 1-ге дейін; "Azerbaijan Airlines": Баку - Алматы, 2-ден  1-ге дейін);  Қазақстан мен Жапония арасында Нұр-Сұлтан - Токио бағыты бойынша аптасына 2- рейстің біреуі қысқартылды ("SCAT").  Сондай-ақ биылғы жылдың 16 наурызынан бастап, Германия (Қазақстан) авиакомпаниясының (Эйр Астана, SCAT) және шетелдік (Turkish Airlines, Pegasus Airlines, Fly Dubai, Etihad Airways, Air Arabia, Wizz Air, LOT Polish Airlines, Belavia) аптасына 68 рейс қысқартылды. Ұлыбритания, Нидерланды, Түркия, Украина, Беларусь, БАӘ, Грузия, Үндістан, Венгрия, Чехия, Польша және аптасына 2 рет тұрақты ұшатын (SCAT: Нұр-Сұлтан - Анталия, Алматы - Анталия) рейстері  тоқтатылды.



Өзгелердің жаңалығы