Т. Рысқұлов ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды – Жамбыл облысы

Бүгiн, 05:18
112
Бөлісу:
Т. Рысқұлов ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды – Жамбыл облысы
Фото: gov.kz

Тұрар Рысқұлов ауданы Рахым Сәбденов ауылында 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт ел игілігіне берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа әлеуметтік нысанның құрылысын «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында «Синдикат групп» ЖШС-сы жүргізді. Жобаға бюджеттен 298 млн. теңге бөлінген.

Ғимаратта дәрігерге дейінгі қарау, егу, таңу бөлмелері бар, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне арналған бірнеше кабинет қарастырылған.

Айта кетейік, Т. Рысқұлов ауданында 35 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді. Олардың материалдық-техникалық жарақтандыру көрсеткіші 92 пайызды құрайды. Өткен жылы Қайыңды және Қорағаты ауылында дәл осындай фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілген болатын.

Ауданның даму жоспарына сәйкес 2027 жылға дейін тағы 5 медициналық пункт салынады деп күтілуде, - деп жазды әкімдік хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы