Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да қылмыстық салада жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту жөнінде Президент Жолдауын іске асыру бойынша өткен онлайн конференциясында айтты.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша қылмыстық, әкімшілік жауапкершілік күшейді. Қозғалған қылмыстық іс саны 4 есеге артты. Сотқа жіберілген істер саны 5 есеге артты. Қамаққа алу көрсеткіші 14 пайызға артты. Тұрмыстық зорлық жасаған адамдар бұрын өздері татуласып кетіп қалатын еді. Жәбірленуші арызын қайта алып, әкімшілік өндіріспен тоқтайтын еді. Қазір оны тек сот шеше алады, - деді ол.
Ахметжанов айтып өткендей, әйеліне екінші рет қол көтергендер қамауға алынады.
Бұл бағыт бойынша тапсырма орындалып жатыр. Бұл - прокуратураның ерекше назарында, - деді ол.