Түркияда 9 жасар қазақстандық баланы көлік қағып кетті

1 Қазан 2020, 12:07
1518
Бөлісу:
Түркияда 9 жасар қазақстандық баланы көлік қағып кетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда Қазақстаннан келген 9 жасар баланы көлік қағып кетті. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды YeniAlanya жергілікті басылымы.

Қайғылы оқиға 28 қыркүйекте сағат 14:00 шамасында Түркияның Аланья қаласында болды. Каргыджак ауданындағы D-400 жолынан өтіп бара жатқан бала көлік соққысынан бірнеше метрге ұшып түскен. Одан кейін көлік жүргізушісі жол қоршауын қағып, жанармай бекетіне соғылған.

Бала ауыр халде Аланьядағы Алааддин Кейкубат университетінің ауруханасына жеткізілді. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, бүлдіршінді құтқару мүмкін болмады.

Жол-көлік оқиғасынан соң жандармерия көлік жүргізушісін ұстады, тергеу жұмыстары жүргізілуде.



Өзгелердің жаңалығы