Түркия сириялық 56 әскериді жойғанын хабарлады

29 Ақпан 2020, 10:28
1517
Бөлісу:
Түркия сириялық 56 әскериді жойғанын хабарлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Анкара Сирия көшбасшысы Башар Асадтың солтүстік-батысындағы армиясына әлі соққы беріп жатыр. 

Түрік әскері 28 ақпанда Сирияның солтүстік-батысында Сирия үкіметі армиясының 56 жауынгерінің көзін жойды. Бұл туралы Түркия қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, Сирияның 8 танкі, 4 БТР, 5 гаубиц және екі зымырандық құрылғылар жойылған. 

Сондай-ақ Сирияның соққысынан түріктің бір әскери қызметкері қайтыс болып, екі әскер қызметкер жарақат алған.

Айта кетсек, жұмаға қараған түні Сирияның әуе қарулы күштері Ресей авиациясымен бірлесе Сириядағы түрік армиясына шабуыл жасады. Салдарынан Түркияның 30-дан астам әскери қызметкері қаза тапты.

РФ Қорғаныс министрлігі шабуылға ресейлік қарулы күштердің қатысы жоқ, Түркия конвойына сириялық қарулы күштер шабуыл жасады дегенді хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы