Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімдігі облыста тіркелген коронавирустың тоғызыншы дерегі туралы айтты.
Анықталған науқас Бішкек-Алматы бағыты бойынша жүк тасымалдаған 59 жасар Түркия азаматы. Алгоритмге сәйкес медициналық қызметкерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында азамат Қырғыз-Қазақстан шекарасынан енген уақытта карантиндік стационарға оқшауланған. Одан коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже берді. Жақын байланыста болған төрт адам анықталып, карантинге орналастырылды. Олардың талдаулары теріс нәтиже көрсетті, - делінген хабаламада.Науқастың болған жерлері бойынша дезинфекциялық өңдеулер жүргізілді.
Естеріңізге сала кетейік, осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 202 адам, Алматы қаласында – 109 адам, Қарағанды облысында - 26 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 22 адам, Жамбыл облысында - 9 адам, Шымкент қаласында - 12 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 4 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 26 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 23 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 500 науқас тіркелді.