Түркістандық көпбалалы аналар бизнеске бет бұра бастады

9 Қаңтар 2020, 03:36
1949
Бөлісу:
Түркістандық көпбалалы аналар бизнеске бет бұра бастады

Түркістан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы Түркістан облысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында жалпы 70,8 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде көпбалалы отбасыларға көптеген көмектер берілді.

Мемлекеттік жәрдемақыға ие болған жандарда кәсіп ашып, күнкөрісін түзетті. Мәселен, Түркістан қаласының маңындағы Шаға елді мекенінде тұратын көпбалалы ана Баян Ратаева атаулы әлеуметтік көмектің арқасында кәсіп ашып, күн көрісін жақсартты. 

Алғашқы алған қаржысына 80 тауық, бір сиыр сатып алған болатын. Қазіргі кезде сиырдың сүті мен тауықтың жұмыртқасын сатуда. Ендігі алатын қаржысына қора салуды жоспарлап отыр.

Жалпы өңірдегі көпбалалы аналар кәсіпке бет бұра бастады. "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында 3884 әйел кәсіби оқуға жолданды. Олардың ішінде 710-ы – көпбалалы аналар. Сондай-ақ, 213 көпбалалы ана тұрақты жұмысқа орналасқан. Одан бөлек 32 705 әйел жұмыспен қамту шараларына тартылды. 105 көпбалалы ана бизнесін бастаған.

Сонымен қатар, 2019 жылдың ішінде "Бастау бизнес" және "Жас кәсіпкер" жобалары аясында Түркістан облысы бойынша 3345 әйел  білім алған. "Еңбек" бағдарламасы аясында 3 мыңнан астам әйел жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 1,5 млрд теңге көлеміндегі гранттарды иеленген. 

"Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Бизнес кеңесші" компоненті бойынша 731 әйел білім алса, 200-ге жуық әйел 680 млн теңге көлемінде қаржыландырылған.

Қайрат Зайнишев


Өзгелердің жаңалығы