Түркістанда тәртіп бұзған автобус жүргізушілері анықталды

15 Қазан 2019, 05:16
1845
Бөлісу:
Түркістанда тәртіп бұзған автобус жүргізушілері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында ұйымдастырылған «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 1500-ге тарта жол қауіпсіздік ережесін бұзу жайты тіркелді, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары 10-17 қазан күндері аралығында өткен рейд барысында 70 автобустың заңсыз қайта жабдықталғанын анықтады.

«400 полиция мен жол инспекциясы қызметкерлері, прокуратура және басқа да мемлекеттік, қоғамдық органдардың өкілдері қатысқан шарада 17 заңсыз жолаушы тасымалдау жайты тіркелді. Жүргізушілердің 206 заңсыз жолаушы мен жүк салғыштармен жүктерді тасымалдау жайты, міндетті техникалық байқаудан өтпеудің 83 жайты, рейс алдындағы ТҚК және медициналық байқаудан өтпеудің 14 жайты, азаматтық-құқықтық жауапкершіліксіз автокөлікті басқарудың 20 дерегі тіркелді. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліксіз автокөлікті басқарудың 65 дерегі белгілі болды», - делінген хабарламада.

Одан бөлек, патрульдік полицейлер ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 293 жүргізушіні, жылдамдықты арттырғаны үшін – 88 және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін – 131 көлік жүргізушісін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ, жол қауіпсіздік ережелерін бұзған, мемлекеттік нөмер алынған немесе айыппұл тұрағына қамауға алынған 41 транспорттық құрылғыны, сондай-ақ 200 автобустың электр жабдықтары мен басқа да техникалық құралдардың жағдайына сәйкестігі тексерілді.



 

Өзгелердің жаңалығы