Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер мерекесін онлайн форматта атап өтті.
Онлайн тәртібімен өткізілген шараға әлемнің бірнеше елінен 500-ге жуық азамат қатысты. Мерекелік шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Жиын барысында университет президенті Болатбек Абдрасилов онлайн форматта қосылып, мерекені тамашалап отырған барлық азаматтарды құттықтап, рәміздеріміздің тарихы мен мәні, еліміз үшін маңыздылығына жан-жақты тоқталды. Университетіміздің I вице-президенті Женгиз Томар мемлекеттік рәміздер мерекесі Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл түркі елдері үшін де маңызды екенін атап өтті.
Біз Қазақстанның тәуелсіз ел болғанын қалаймыз. Бүкіл түркі халықтарының мемлекеттік мерекелері бәрімізге ортақ болу керек. Бүгінгі мереке құтты болсын!, - деді Женгиз Томар.
Онлайн жиынға қатысқан Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және тағы да басқа елдерден ZOOM қосымшасы арқылы қосылған ғалымдар мен ізденушілер қазақ елінің қуанышына ортақ екенін білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.
Мерекелік шара соңында патриоттық әндер шырқалып, күй тартылды.