Түркістанда кәсіпкерлер тауарларын нарықтағы бағадан төмен саудалады

10 Ақпан 2020, 23:14
1758
Бөлісу:
Түркістанда кәсіпкерлер тауарларын нарықтағы бағадан төмен саудалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының бастамасымен Түркістан қаласында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Басты мақсат - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу, дейді Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жәрмеңкеге Түркістан қаласының кәсіпкерлері, Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері және "Түркістан" әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ өздерінің тауарларын сатылымға шығарды.

Жәрмеңкеге 13-тен астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, жалпы құны 2 млн теңгеден астам 19,2 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылды. Отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарға базар нарқынан 15-20% төмен бағада ұсынылды.

Жәрмеңкеде негізінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері саудаланды. Аталған шара бағаларды маусымдық қымбаттаулардан тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылады.

Жәрмеңке тұрақты түрде келесі күндері: 2020 жылдың 22 ақпан, 7, 21 наурыз, 4 сәуір айларында өткізілетін болады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Барлығы да арзандатылған отандық өнімге қызығушылық танытты.

Өзгелердің жаңалығы