Түркістанда 50 азамат әскери міндеттеріне кірісті

22 Сәуір 2020, 04:49
1566
Бөлісу:
Түркістанда 50 азамат әскери міндеттеріне кірісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында 50 азамат арнайы әскери міндеттеріне кірісті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекет басшысының Тоқаевтың Жарлығына сәйкес әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырыла бастаған болатын. Осы мақсатта Түркістан қаласы тұрғындарының қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау мақсатында 50 азамат арнайы әскери міндетіне кірісті.

Қалалық қорғаныс істері басқармасында медициналық тексеруден өткен азаматтарға облыс әкімі Ө. Шөкеев сәттілік тілеп, төтенше жағдайдағы жанашыр қызметтері үшін алғыс білдірді.

Жалпы Түркістан облысында 230 әскери міндетті болса, соның 50-і Түркістан қаласына жұмылдырылған. Олар бұған дейінгі қызметіндегі жалақысын алып отырады. Ал егер жұмыс істемеген болса, 42500 теңге көлемінде қаржы беріледі. Сонымен қатар, тамақ, киім-кешек, медициналық көмек түрлері жасалады.

Төтенше жағдайда әскерге өз еркімен келгендер 19 мамырға дейін өңірде індет таралмауына көмек береді. Блок-бекеттерде тәртіпті күшейтіп, залалсыздандыруды жандандырады. Айта кетейік, арнайы әскерилер қатарында Түркістан қаласы әкімінің аппарат басшысы да бар екен.

Өзгелердің жаңалығы