Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының Сарыағаш аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инпекторы полиция лейтенанты Берік Палходжаев жол бойында 2 жас шамасындағы қыздың жалғыз өзі жүргенін көреді.
Осы бойынша полицей бүлдіршіннің ата-анасын анықтау мақсатында шұғыл іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Нәтижесінде балақайдың анасын тауып, аман-есен тапсырды.
2 жастағы баланың ата-анасы Түркістан облысы полиция департаментіне шексіз алғысын білдірді.
Тексеру барысында анықталғандай, анасы үйінде үй шаруаларымен айналысып жүрген кезінде, қараусыз қалған бүлдіршін ауладан белгісіз бағытқа қарай шығып кеткен. Баланың ата-анасына балаларды қараусыз қалдыруға болмайтындығы туралы тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысы Полиция департаменті кәмелет жасына толмаған балаларды жеке өзін ешқайда шығармауды, қараусыз қалдырмауды ескертеді.