Түркістан облысындағы ауруханаларға 142 мың қорап дәрі таратылуда

15 Шілде 2020, 05:29
1188
Бөлісу:
Түркістан облысындағы ауруханаларға 142 мың қорап дәрі таратылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Өзбекстан Республикасымен тікелей келісімінің нәтижесінде көрші елден 142 мың қорап дәрі-дәрмек келді, деп хабарлады Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Олардың арасында аскорбин қышқылы мен дексаметозон және гепарин сынды препараттар бар. Науқастарға аса қажетті бұл дәрілер облыс аумағындағы барлық ауруханалар мен емханаларға таратылады.

Айта кетерлігі, медициналық мекемеге түскен дәрінің әр құтысына "тегін" деген қызыл мөр қойылады. Осындай елгісі бар дәрілерді өзге жерден кезіктірген азамат жергілікті әкімдікке шағымдана алады.

Сонымен қатар, облыс әкімінің келісіміне сәйкес, Түркиядан 41 түрлі дәрі қоры жеткізілетін болады. Олардың қатарында науқастарға арналған антибиотиктер, вирусқа қарсы препараттар мен ден қызуын түсіретін антикоагулянттар бар.

Аталған дәрілер алдағы аптада облыстағы 160-қа жуық дәріханаларға шекті бағамен үлестіріледі. Дәріханалар әкімдік арасындағы меморандумға орай, дәрілерді ҚР Денсаулық министрлігі бекіткен шекті бағамен сататын болады. Заңдылықтың сақталуын арнайы мониторингтік топ бақылайды. Сондай-ақ, антибиотиктер тек дәрігердің нұсқауымен беріліп, бір адамға екі қораптан артық сатылмайды.



Өзгелердің жаңалығы