Түркістан облысында "Сау болу сәнді" веломарафоны өтеді

6 Сәуір 2019, 17:48
2872
Бөлісу:
Түркістан облысында "Сау болу сәнді" веломарафоны өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отырар-Түркістан  веломарафоны" Отырар ауданынан басталады. Бұл туралы аудандық баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылды "Жастар жылы" деп жариялағаны белгілі. Осыған орай елімізде жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға шақыру мақсатында ауқымды шаралар өткізілуде.

«7 сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күніне»  орай Шымкент, Түркістан қалалары мен Отырар ауданының 100-ден аса жастарының қатысуымен "Сау болу сәнді" Отырар-Түркістан  веломарафоны" Отырар ауданынан басталды.

"Денсаулық  бірдің  ғана  емес, мыңның   байлығы,  баршаға ортақ ең басты  байлық. Денсаулық  ел  дамуының  басты  арқауы. Киелі Отырар ауданынан бастау алатын бұл шараның маңызы өте үлкен. Біріншіден жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болса, екіншіден "Ұлы Жібек Жолы" бойындағы ежелгі Отырар қаласының кешегі тарихын танып - білуге құштар азаматтардың назарын бұру, яғни, туризмді дамыту болып табылады. Сондықтан еліміздің ертеңгі болашағы дені сау, білімді жастарға сәттілік тілейміз",- деді аудан әкімі Ерлан Айтаханов.

Марафон Түркістанда қорытындыланатын болады.

Өзгелердің жаңалығы