Түркістан облысында дабылды ескерту жарияланды

8 Тамыз 2019, 04:49
1520
Бөлісу:
Түркістан облысында дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Шымкент қаласында 8 тамызда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Түркістан қаласында 8 тамызда кей уақытта шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.



Өзгелердің жаңалығы