Түркістан облысында ауыл шарушылығы өнімінің жалпы көлемі 450 млрд теңгені құрады

29 Қазан 2019, 21:13
1618
Бөлісу:
Түркістан облысында ауыл шарушылығы өнімінің жалпы көлемі 450 млрд теңгені құрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 450 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі де 2,5 есеге көбейіп, Түркістан облысының республикадағы үлесі 3-орында тұр. Бүгінде Түркістан өңірінде 70 мыңнан астам шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Облыста егістік алқаптары ұлғайтылып, егісті әртараптандыру мақсатында мал азықтық дақылдарға көңіл бөлініп отыр. Озық технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығы техникаларын жетілдіру бағытында да көптеген жұмыстар атқарылған.

Мәселен, тамшылатып суғару әдісі қосымша 7,0 мың га ендіріліп, жалпы көлемі 16,8 мың га жетті. Жаңадан 400 ден астам шағын бордақылау алаңдары, 12 құс фермасы мен балық шаруашылықтары ашылған. Биыл ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, халықты жұмыспен қамту мақсатында жалпы құны 103,3 млрд. теңгені құрайтын 553 жоба әзірленді. Нәтижесінде 4620 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Бүгінгі күнге олардың тең жартысынан астамы іске асқан және көбіне мал шаруашылығын дамыту саласына бағытталған.

2019 жылдың 9 айының қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 157,3 млн АҚШ долларын құраған. Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Иран және Бахрейн елдеріне ірі қара және уақ мал еттері экспортталған. Сонымен қатар, Ресей, Белоруссияға 304,3 мың тонна қарбыз бен қауын жеткізілген. Сондай-ақ, мақта талшығының экспорты жыл сайын артуда. Биыл 264,0 млн АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау күтілуде.


Өзгелердің жаңалығы