Түркістан облыстық сотының судьясы ұсталды

4 Ақпан 2020, 11:50
4646
Бөлісу:
Түркістан облыстық сотының судьясы ұсталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаевтың сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Атап айтқанда, Әшірбек Рахымбаев сотталушының жазасын жеңілдетуде заңсыз жәрдем көрсеткені үшін елеулі мөлшерде пара алған.

вцф.jpg

2020 жылғы 31 қаңтарда Түркістан қаласы Әшірбек Рахымбаев пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталып, жасаған қылмысын толықтай мойындады, - делінген хабарламада. 

3 копия.jpg

Пара алу фактісі сондай-ақ жасырын тергеу іс-қимыл материалдарымен дәлелденеді (аудио, бейнетіркеу).
ҰҚК органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлімі ("Пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы