Түркістан әкімі жедел штаб отырысын өткізді

1 Сәуір 2020, 02:33
1790
Бөлісу:
Түркістан әкімі жедел штаб отырысын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы мобильді топ жетекшілерімен жедел штаб отырысын өткізді.

Бүгін Түркістан облысында коронавирус індетін 1 адам жұқтырғаны белгілі болды. Осы мақсатта Түркістан қаласында індет таралуының алдын алу ісін ширату қажеттілігі айтылды. Әсіресе, балалардың қоғамдық орындарға шықпауы, әр азаматта медициналық бетперделердің болуын мөлтек аудандарға қарасты топтар қатаң қадағалап, полиция жұмысының күшейетін уақыты екенін ескертті.

Сондай-ақ қала әкімі блок-бекеттердегі әр азаматты жіті тексеріп, көзбояушылық танытқандарға шара қолданылатынын айтты.
Өзгелердің жаңалығы