Алматы, BAQ.KZ. 24 ақпан күні Ашхабад көшесінде медициналық бетперде киген әйелді тәртіп сақшылары тоқтатқан. Бұл туралы "Хроники Туркменистана" басылымы жазды.
Сол күні кешкісін әйел жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан. Жолда оны полиция қызметкерлері тоқтатып, қайда тіркеуде тұрғанын тексереміз деген сылтаумен паспортын сұраған. Оның құжаттары дұрыс болып шыққан, алайда патруль командиріне әйелдің көшеде бетпердемен жүргені ұнамай қалыпты.
Сен үкіметтің коронавируске қарсы қолданып жатқан шараларына сенбейсің бе? Біз және басшылығымыз бетперде кимейміз, сен неге киіп жүрсің. Бетпердемен жүрген адамдар дүрбелең тудырады, - деген уәж айтыпты командир.
Медицина қызметкерлері айтқан кеңестерді ғана орындап жүрмін дегеніне қарамастан әйелді полиция бөлімшесіне жеткізіп, 249 манат (26 мың теңге мөлшерінде) көлемінде айыппұл салыпты. Айыппұлды банк арқылы төлеу шарты қойылған. Төлем кепілі ретінде полицейлер әйелдің паспортын алып қалыпты.
Әйел ертеңінде айыппұлды төлеп, түбіртегін полицияға көрсетіп, құжатын алған екен.