Түрiк инвесторы "Qyzyljar" экономикалық аймағының қатысушысы атанды

20 Қараша 2019, 07:57
3665
Бөлісу:
Түрiк инвесторы "Qyzyljar" экономикалық аймағының қатысушысы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Облыстық әкiмдiкте инвесторларды тартуға арналған өңiрлiк кеңесiнiң отырысы өттi. Кездесуде сәттi инвестжобалар туралы айтылып, инвестициялық климатты жақсарту талқыланды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өңiрлiк экономиканы жаңғырту үшiн жаңадан құрылған арнайы экономикалық аймақ серпiн бермек. Аймақтың алғашқы қатысушысы болып "YDA Holding" түрiк компаниясы атанды. Бұл компания көпсалалы аурухананың құрылысын бастады.

Бiздiң мақсат қазiргi және болашақ инвесторларға мейлiнше көп көмек көрсету. Қазiр экономикалық аймаққа кiру туралы "Claas" және "Alageum Electric" компанияларымен келiсiмге келдiк, -  дедi облысы әкімі Құмар Ақсақалов.

 

Өзгелердің жаңалығы