ТҮҚЖБ салымшыларына арнап мұз айдында мерекелік кеш өткізді

26 Желтоқсан 2019, 18:17
2818
Бөлісу:
ТҮҚЖБ салымшыларына арнап мұз айдында мерекелік кеш өткізді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жыл қарсаңында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Павлодар қаласындағы филиалы салымшыларымен жақынырақ танысу үшін "Zhilstroy Ice Party" мерекелік кешін ұйымдастырды.

Аталған шараға жақында ғана депозит ашқан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 400-ге жуық салымшысы шақырылды. Мұз айдынына келген олар конькимен сырғанап, ал кішкентай бүлдіршіндер сүйікті мультфильмдерінің кейіпкерлерімен ойнап, көңіл көтерді.

IMG_3791-26-12-19-02-27.JPG

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары Ботагөз Қамарованың айтуынша, банк үнемі салымшылармен осындай бейресми кездесу ұйымдастырып тұрады.

IMG_3780-26-12-19-02-27.JPG

Біз өз салымшыларымызды құрметтейміз және жақсы көреміз, сондықтан, Жаңа жыл қарсаңында және филиалымыздың 15 жылдық мерейтойына орай, осындай әдемі кеш ұйымдастырайық деп шештік. Салымшылармен бейресми түрде алғаш кездесіп тұрған жоқпыз, мәселен, жуырда су кемесінде серуен ұйымдастырдық, - дейді ол.
IMG_3785-26-12-19-02-27.JPG

Кеш қонақтарының бірі - Педагогикалық университеттің физика және математика пәнінің мұғалімі Манарбек Сырнайдың әйелі, екі баласы бар. Олар әзірге жалдамалы пәтерде тұрады. Жуырда отбасының үшінші баласы дүниеге келмек, сондықтан отағасы үшін жеке
баспана алу мақсаты бірінші орында тұр.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жұмысы туралы бұрыннан білеміз, алғашқы шотты екі жыл бұрын аштық. Екі жылдан бергі жинағымыз бар. Ал мемлекеттен сыйлықақы алу үшін Жаңа жыл алдында әйелімнің атына шот аштық. Әзірге, үй алар кезде екі шотты біріктіреміз деген жоспар бар. Мүмкін, әйелімнің шоты арқылы балалар үшін баспана алатын шығармыз, - дейді ол.

IMG_3789-26-12-19-02-27.JPG

Баласына пәтер алғысы келетін тағы бір салымшының бірі - павлодарлық Гүлмира Арынова.

Кезінде өзімнің және он алты жасар қызымның атына депозит ашқан едім. Қазір менің өз пәтерім бар. Ендігі мақсатым - қызымның болашағы үшін оған баспана алу, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы