Астана, BAQ.KZ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Астана қаласында тұрақты тұратын және тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық төлемге жұмсалатын шығыстардың жиынтық табысынан 8% асатын отбасына берілетін «тұрғын үй көмегін тағайындау» түрінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Порталға қажетті құжаттар тізімі:
- Өтініш - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжат нысанына сұрау салу;
- Отбасының барлық мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарының электрондық көшірмесі;
- Отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
- Тұрғын үйге құқық белгілеуші құжаттардың электрондық көшірмесі, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер;
- Коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған өтініш жасаған тоқсанның алдындағы айға шоттардың электрондық көшірмелері;
- Банк шотының электрондық көшірмесі.
Портал арқылы «жеке кабинетке» жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат түрінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жіберіледі.