Тұрғымбаев ШҚО полицейінің видеоүндеуіне қатысты мәлімдеме жасады

11 Қазан 2020, 05:24
1354
Бөлісу:
Тұрғымбаев ШҚО полицейінің видеоүндеуіне қатысты мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ШҚО полицейінің бейнеөтінішін жеке бақылауына алды. Бұл туралы министрліктің ресми сайты мәлімдеді.

Министр ШҚО-ға өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлерін жіберді. Олар қызметтік тексеріс жүргізіп, барлық мән-жайды анықтап, полиция бөлімі басшысының іс-әрекетіне құқықтық баға беретін болады, - делінген хабарламада. 
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерінің басшысының заңсыз іске мәжбүрлегенін айтқан видеосы Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған болатын.

Оның айтуынша, ол 2013 жылдан бері әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстау изоляторында жұмыс істейді. Биыл 27 шілдеде жұмыстағы кезекшілік уақытында кезекші офицер Шарман ауданының аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушысына қоңырау шалуын сұраған. Ол әкімшілік кодекстің 608-бабы бойынша сот үкімімен 15 тәулікке қамалған 1970 жылғы сотталушыны босату керегін айтқан. Сотталушы көрші ауылға жерлеу рәсіміне барып келетінін ескерткен. 

"Ешкімге байқатпай барып келеді" деді. Басшым жауапкершілікті өз мойнына алатынын айтты. Прокурормен келіскенін де айтты. "Ауырып қалды" деген сылтауды айтуымды сұрады. Бірақ мен оның бұйрығын орындаудан бас тарттым, - дейді полицей.
Оның айтуынша, полиция қызметкері барлығын диктофонға жазып алған. Осы жағдайды Ішкі істер министрі мен бас прокурорға хабарлаған. Тәртіптік комиссияның шешімімен оны қызметінде қалдырып, толық емес қызмет жазасын тағайындау жайлы шешім қабылданған. Полицейге "Жұмысыңды ауыстырғың келе ме?" деген.

Бұл істің жауапсыз қалғанын қаламаймын. Сонда антты не үшін бердім? Сот шешімінің ол үшін заңды күші болмаса, ол өзін кіммін деп ойлайды?, - делінген видеоүндеуде.
Өзгелердің жаңалығы