Сырымбек Тау елдегі білім сапасын сынға алды

1 Наурыз 2023, 21:27
1324
Бөлісу:
Сырымбек Тау елдегі білім сапасын сынға алды
Фото: qazaqstan.tv

«Respublica» партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау білім сапасына қатысты сын айтты, деп жазады BAQ.KZ.

Сырымбек Тау ауылдық жердегі білім мен қала білімінің арасы бес жылға ажырап кеткенін айтты.

Айтуынша, бұл салада жемқорлық жайлап кеткен. 

Бірінші кезекте білімді көтеруіміз керек. Неге ауылдағы бала қаладағы баладан кем білім алады, оның кінәсі не деген сұраққа жауап бере ала алмай келеміз. Қазіргі таңда бірінші байлық денсаулық емес, білім болып тұрған заман. Жас партия болғандықтан, жастардың білімін көтеруді талап етеміз, - дейді Сырымбек Тау.

Партия өкілдері арасындағы дебатқа:

-«Amanat» партиясынан Елнұр Бейсенбаев

-«Ауыл» халықтық демократиялық партиясынан Жигули Дайрабаев

-Respublica партиясынан Сырымбек Тау

-Қазақстан Халық партиясынан Асхат Асылбеков

-«Байтақ» жасылдар партиясынан Азаматхан Әміртаев

-«Ақ жол» демократиялық партиясынан Берік Дүйсембинов

-Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Әуесбаев қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы