«Сырттан көмек келіп қалар деген үмітте болдық». Алматылық полицей ПД-ін қалай қорғап қалғандарын айтып берді

19 Қаңтар 2022, 11:44
7096
Бөлісу:
«Сырттан көмек келіп қалар деген үмітте болдық». Алматылық полицей ПД-ін қалай қорғап қалғандарын айтып берді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы ПД-нің Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны Айбек Әбдіманапов лаңкестердің шабуылына қалай төтеп бергендері туралы айтып берді.

Айбектің ПД-де жұмыс істеп жатқанына 9 жыл болған. Қаңтардың 5-нен 6-на қараған түні содырлар қалалық Полиция департаментіне шабуыл жасап, ондағы қару-жарақты басып алмақ болғанда ол әріптестерімен бірге ғимаратты қорғаған. Сол сәтте Полиция департаменті ғимаратын қорғау бойынша «Қамал» операциясы қолға алынады.

«Сырттан көмек келіп қалар деген үмітте болдық». Алматылық полицей ПД-ін қалай қорғап қалғандарын айтып берді

«Сол күні кешке қарай мемлекеттік нөмірін алып тастаған бірнеше көлік ғимарат жанында арлы-берлі көп жүріп кетті. Кейін сағат 20.30 шамасында сол көліктен бізге оқ ата бастады. Агрессивті адамдар ешқандай талап қоймастан ғимаратқа тас, жарылғыш заттар лақтырды. Алдымен ПД-і алдындағы азаматтарды қабылдайтын фронт-офисті өртеп жіберді. Кейін әскерилерден тартып алған КАМАЗ көлігімен қақпаны қиратып кірмек болды. Бірақ біз оған жол бермедік, көліктің дөңгелегін атқылап тоқтаттық,-дейді полиция капитаны.

«Сырттан көмек келіп қалар деген үмітте болдық». Алматылық полицей ПД-ін қалай қорғап қалғандарын айтып берді

Ғимаратты қорғау барысында ондағы полиция қызметкерлерін жауынгерлік позицияға бөлген. Біздің кейіпкеріміз қақпаны күзету және жоғарыдан өткізбеу позициясына қойлыған. Сонымен қатар ол содырлар ғимараттың 4-5 жағынан шабуыл жасағанын, олардың қарасы өте көп болғанын жеткізді.

Бұған дейін банданы ұстау бойынша түрлі операцияға қатысып жүрмін. Бірақ лаңкестердің мынандай ауқымды шабуылын бірінші рет көріп отырмын. Олар әскери соғыс тактикасын жақсы меңгерген адамдар екені байқалып тұрды. Ғимаратқа қарсы тұрған 5 қабатты үйдің төбесінен снайперлер оқ атқаны да белгілі болды. Лаңкестердің шабуылы таңға дейін жалғасты, дегенмен біз өзіміздің қызметтік міндетімізді абыройлы атқарып, ғимаратты қорғап қалдық. Егер олар бұл жерді алса, ондағы қарумен қаланы басып алар еді. Сондықтан бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігі бірінші орында болды,-дейді А.Әбдіманапов. 

«Сырттан көмек келіп қалар деген үмітте болдық». Алматылық полицей ПД-ін қалай қорғап қалғандарын айтып берді

Сонымен қатар ол шабуыл жасаған лаңкестерді бірден өлтірмей, аяқтан атып жаралауға тырысқандарын айтты.

Атыс кезінде шабуылшыларды қатты зақымдамауға тырыстық, тек ғимаратқа басып кірмек болғандарды атқыладық. Лаңкестер өте ұйымдасқан түрде әрекет етті. Қасындағы жаралыларды өздерімен бірге әкетіп отырды. Сондай-ақ оларға қару-жарақ сырттан жеткізіліп отырғанын көріп отырдық. Сол сияқты бізге де сырттан көмек келіп қалар деген үмітте болдық. Алайда қаладағы өзге аудандағы Полиция басқармалары да біздің күйімізді кешіп жатқан. Оларға да шабуыл жасалды. Дегенмен лаңкестер тараған соң таңертең әскерилер мен өзге аудандағы полиция қызметкерлері бізге көмекке келді,-дейді ол.

«Сырттан көмек келіп қалар деген үмітте болдық». Алматылық полицей ПД-ін қалай қорғап қалғандарын айтып берді

Айбек Әбдіманаповтың үш баласы бар. Шабуыл кезінде отбасының, елдің тыныштығын естен шығармағанын айтады.

Лаңкестер шабуыл жасамай тұрып туыстарым мен жақындарым қоңырау соғып жағдайымды сұрап жатты. Кейін атыс басталып кетті. Ел тыныштығының маңызын түсіне білсек екен. Кез келген бейбіт митингтің арты үлкен қасіретке әкелетінін көріп отырмыз,-дейді  полиция капитаны.

«Сырттан көмек келіп қалар деген үмітте болдық». Алматылық полицей ПД-ін қалай қорғап қалғандарын айтып берді
Өзгелердің жаңалығы