Сыртқы істер министрі Беларусь елшісін қабылдады

Бүгiн, 03:25
187
Бөлісу:
Сыртқы істер министрі Беларусь елшісін қабылдады
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Павел Утюпинді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы қазақ-белорус стратегиялық серіктестігінің деңгейін жоғары бағалап, П. Утюпинге Қазақстан мен Беларусь арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға күш салғаны үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде Беларусь елшісі Қазақстанда болған кезінде оған көрсеткен тұрақты қолдауы үшін терең ризашылығын білдіріп, қазақ-белорус қатынастарының үдемелі дамуына сенім білдірді.

Кездесу соңында Министр М. Нұртілеу ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан елші П. Утюпинге екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан зор үлесі үшін алғыс хатын тапсырып, оның кәсіби қызметіне табыс тіледі.

Өзгелердің жаңалығы