"Сыртқа шықпаңыздар": Қою түтінге байланысты Астана тұрғындарына ескерту жарияланды

Мамандар ашық ауада болуды шектеуге кеңес береді.

 ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 15:52
Бүгiн 2026, 15:52
202
Фото: ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов

«Қазгидромет» синоптиктері 3 мамырда Астана мен Көкшетау тұрғындарын ауа сапасының нашарлайтыны туралы ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордада таңертеңнен бері желсіз ауа райына байланысты қою түтін мен жеңіл тұман байқалуда. Соның салдарынан атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналып қалған. Ауада пластик жанғанға ұқсас иіс сезіледі.

Мұндай қолайсыз метеорологиялық жағдайда тұрғындарға:

  • ашық ауада болу уақытын қысқарту;
  • үйлерде терезелерді ашпау;
  • өкпе, жүрек-қантамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға дәрілерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады.
Наверх