Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрлігі Сирия бойынша Астана форматындағы 15-халықаралық кездесудің қорытындыларын құптайды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
16-17 ақпанында Сочиде өткен Астана процесінің кепілгер елдері - Ресей, Иран және Түркия, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы уәкілінің қатысуымен Сирия үкіметі мен оппозициясының көпжақты және екіжақты консультациялары 2021 жылы жоспарланған президенттік сайлау алдында Сирия дағдарысын саяси реттеудің кейінге шегерілмейтінін растайды, - делінген хабарламада.
Осыған байланысты Қазақстан Астана процесінің қағидаттарын берік ұстанады.