Астанада тұрғын үйдің пандусынан сырғанап түскен бала көлік астында қалып қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиғаның видеосы Instagram желісінде пайда болды.
Бейнебақылау камераларынан алынған видеодан бала тұрғын үйлер арасындағы жолға пандус арқылы сырғанап түскен сәтте оның үстінен көлік жүріп өткенін көруге болады.
Полиция департаменті өкілі оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Бұл оқиға 10 наурызда сағат 16:45 шамасында Аманжол Бөлекбаев көшесіндегі үйдің ауласында болған. Mitsubishi көлігінің жүргізушісі дәл сол сәтте пандустан сырғанап түскен баланы қағып кетті. Салдарынан 10 жастағы бала түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді, – деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Қазір құқық қорғау органдары қазір бұл оқиға бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.
Астана полициясы жүргізушілерді аула ішіндегі аумақта аса сақ болуға және жылдамдық режимін сақтауға шақырды.
Еске салсақ, бұған дейін жүк көлігі кішкентай қызды қағып, мерт қылған еді.