Сыңғырла, соңғы қоңырау!

25 Мамыр 2022, 14:45
2503
Бөлісу:
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
PHOTO
Фото: автордан

Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қостанай облысының мектептерінде соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын өтті. 

Биылғы жылы мектеп бітірушілердің құрметіне ұйымдастырылған жиын «Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» жалпы ұранымен өтті. 

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Биыл Қостанай облысы бойынша оқу жылын 111 мың оқушы аяқтады. Оқушылар арасынан 4375 түлек үлкен өмірге қанат қақса, 140 дарынды шәкірт «Алтын белгіге» үміт артып отыр. Мектеп бітіріп отырған түлектердің 71 пайызы, нақтырақ айтқанда 3127 оқушы ҰБТ-ға қатысып, бақтарын сынамаққа өтінім берді, - дейді облыстық білім басқармасының ресми өкілі

Мектеппен қоштасу үшін түлектерге соңғы қоңырау соғылған білім ордасының бірі – Қостанай қаласы іргесіндегі Заречный ауылында орналасқан мемлекеттік тілде оқытатын орта мектебі. Биылғы түлектер үшін бұл білім ордасында соғылған соңғы қоңыраудың мәні ерекше. Олай дейтініміз іргетасы осыдан 11 бұрын қаланып, шәкірттерін жаңа оқу жылында зор қуанышпен қарсы алғанда 1 сыныпқа қабылданған бүлдіршіндер бүгін 2022 жылдың түлегі атанып отыр.

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Биыл мектебіміз бойынша 688 бала  оқу жылын ақтады. 70 бүлдіршін мектеп алды даярлық сыныбын аяқтап, күзде білім ордасының табалдырығын аттамақ. Жыл сайын мектепте оқушылар саны өсіп келеді. Осы оқу жылы бойынша шәкіртеріміз аудан, облыстық деңгейде жүлделі орындарға ие болды. Солардың ішінде 3 оқушымыз облыстық пән олимпиядасында 3-орын иеленді. Ауыл мектептерінің арасында өткен «Мың бала» сайысында бір шәкіртіміз топ жарып, сынақсыз Назарбаев зияткерлік мектебіне қабылданды,  - дейді мектеп директоры Көпжасар Хажымұханұлы.

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Заречный мемлекеттік тілде оқытатын орта мектебін биыл 30 түлек бітіріп отыр. Соның екеуі «Алтын белгіге» үміткер. Оқу озаттарының қатарында Дина Сәметова да бар. Ол «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегері атанды.

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Мен осы мектеп алғаш салынып біткен күні, білім ордасының табалдырығын аттадым. Осында 11 жыл білім алып, үлкен өмірге жолдама алып барамыз. Осы тұста барлық ұстазыма айтар алғысым шексіз. Мен қандайда бір жетістікке жетсем, осы аяулы жандардың еңбектері. Алда үлкен сынақ ҰБТ тұр. Соны баршамыз сәтті тапсырайық, - дейді дарынды түлек Динана Сәметова.

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Осы тұста мектеп ұстаздарына ата-аналардың айтар алғысы шексіз. 

Кеше ғана мектепке жетектеп апарған балам бүгін үлкен өмірге қанат қағып, соңғы қоңырауын соқты. Баланың есейгенін осындай сәтте аңғарады екенсің. Мен бүгін баламнан бетер қобалжып тұрмын. Алдағы үміті мен күдігі қатар келетін өмірде баршаңыздың асықтарыңыз алшысынан түсін, - дейді атана Гүлия Көпеева.

Өзгелердің жаңалығы