Сынауға да мүмкіндік беріліп жатыр. Әшімбаев ашықтық туралы айтты

5 Маусым 2022, 09:41
1434
Бөлісу:
Сынауға да мүмкіндік беріліп жатыр. Әшімбаев ашықтық туралы айтты
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев республикалық референдумға қатысып, дауыс бергеннен кейін БАҚ-тың сұрақтарына жауап берді. 

Мен алғаш рет 1995 жылғы референдумға қатысқам. Яғни, ол 27 жыл бұрын болды. Ол кезде басқаша ұйымдастырылды. Қазір референдумды ашық әрі әділ, демократиялы түрде ұйымдастырып жатыр. Барлық пікірді айтуға мүмкіндік бар. Сынауға да мүмкіндік беріліп жатыр. Сондықтан бұл референдумды жаңа деңгейде ұйымдастырдық деп айтуға болады. Ешкім ешкімге барып, дауыс бер деп міндеттеп жатқан жоқ. Ондай саясат жоқ. Қазақстандықтар өздері шешеді. Ең бастысы  референдумға келіп, дауыс беру керек. Референдумға белсенді қатысып, халықтың таңдау жасап жатқаны біздің ұлт ретінде жетілгенімізді білдіреді, - деді ол. 

Әшімбаев айтқандай, халық осындай шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген пікір қанша жылдан бері көтеріліп келеді.

Қазір ол ұстанымның жүзеге асырылып жатқанын көруге болады. Сол себепті бүгін халық референдумға келіп дауыс беруі өте маңызды. Қалай дауыс береді, өздері шешеді, - деді ол. 

Айта кетейік, Сенат спикері Ұлттық академиялық кітапханадағы 111-учаскеде дауыс берді. Референдумның бұл учаскесінде осыған дейін Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Аида Балаева дауыс берген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы