"Сын айтпаңыз". Психолог әйелдерге арнап бірнеше кеңес берді

29 Мамыр 2024, 12:42
1367
Бөлісу:
"Сын айтпаңыз". Психолог әйелдерге арнап бірнеше кеңес берді

Әйел адам еркектің жетістікке жетуіне әсер ете ала ма? Психолог Мадира Кадирбай енді отбасын құрған жастарға кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы айел адам үйдің берекесін сақтап, ондағы көңіл-күй жайын, махаббат пен мейірімді сыйлап отыратын қасиеттерге ие. Тек осы әйелдік қаситтерімен ғана еркекке қолдау көрсете алады, қалғаны тікелей ер азаматтың өзіне байланысты. Бүкіл жауапкершілікті әйелге итеріп, сілтеп тастау дұрыс емес. Жауапкершілікті алдын ала әйеліне сілтеу, психологиялық тұрғыдан кінәләу - бала позициясындағы жауапкершілігі жоқ ер азаматтың тірлігі. Ол өзінің өсу-өспеуінің нәтижесіне жауапты адамды тапты деген сөз, яғни өспеген жағдайда кінәлі адам дайын деген сөз, -дейді психолог.

Оның сөзінше, ерлі-зайыптылардың тең дәреже де өскені дұрыс. Біреуі өсіп, біреуі қалыс қалса, дау-жанжал, кикілжіңдер пайда бола бастайды.

Сондай-ақ Мадира Кадирбай мотивациясы жоқ ер адамдарды шабыттандырудың қажеті жоқ екені айтады.

"Әйел адам еркектің жетістікке жетуіне әсер етеді" деген сөзді көптеген ер адам сәтті қолданады. Кейде "Жалқау мен емес, әйелім нашар шабыттандырады!" дейтіндер бар. Ер адамдар әйелінің айтатын кейбір сындарына алаңдамауы керек, сонда табысты болар еді деп ойлаймын. Менің ойымша, өз мотивациясы жоқ ер адамдарды шабыттандырудың пайдасы жоқ. Табысқа жету үшін әрекет ету керек. Ер адам әрекетсіз болса, әйелдің ешқандай кінәсі жоқ, -дейді психолог.

Психолог әйелдерге іскер ер адамды қолдайтын бірнеше кеңес берді.

Бірінші, - адамды сол қалпында қабылдау. Ол табысты болуы мүмкін, кей сәтте олай болмауы да мүмкін. Кейде қуатты кейде шаршап жүруі мүмкін дегендей... 

Екінші - мақтау. Ер адам миллион долларлық келісімшартқа отырғанда ғана емес, күн сайын мақтаңыз. Нақты кішкентай тірлігі үшін, кішкентай жетістіктері қуана біліңіз. Осылайша сіз ер адамның өзін-өзі бағалауын нығайтуға көмек бересіз. Ойланып көріңізші, кім табысқа жеткісі келеді? Әрине, өзін-өзі бағалауы жоғары, сенімді адам.

Үшіншіден, сын айтпаңыз. Отбасында сын айтуды мүлдем алып тастаған жөн. Мәселен, отбасылық айыппұлды енгізіңіз. Яғни сын айтқан сайын 20 мың теңге айыппұл төлеңіз. Оны жинап айдың соңында қайырымдылыққа беріңіз. Әйтпесе, жиі сын айту - қарым-қатынас пен жақындықты бұзады.

Жетістікке өзіңіз қол жеткізіп, тәуелсіз адамға айналыңыз. Ол кезде біреуді шабыттандырудың керегі жоқ. Өйткені ерлі-зайыптыны ұстап тұрған ортақ өмір сүру кеңістігі мен ақша емес, терең махаббат пен құмарлық болуға тиіс, -деді Мадира Кадирбай.

Қымбат Спабек

Өзгелердің жаңалығы