Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен «Сығанақ көшесінен 22 көшесіне дейін Е51 көшесін салу» жобасын іске асырады.
Оның барысында Сығанақ көшесі учаскесінде инженерлік желілерді орнату жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты биыл 27-31 тамыз аралығында Сығанақ көшесінде Төле би көшесінен Е-306 көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылатын болады.
Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.