Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктері талқыланды

16 Қазан 2021, 17:52
2576
Бөлісу:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткен іс-шара барысында агенттік төрағасы Марат Ахметжанов елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы реформалар туралы айтып берді, деп хабарлады Антикор.

Брифингке Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шараны аша отырып, агенттік төрағасы Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде қабылданған заңнамадағы дәйекті шаралар Қазақстанға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзіндік моделін қалыптастыруға мүмкіндік бергенін атап өтті. Осы тұрғыда ол «Қазақстан – 2030» стратегиясын» іске асыру аясында 1998 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» посткеңестік кеңістіктегі алғашқы заңды маңызды қадам деп атап өтті.

Бұдан әрі, заңнаманың дамуына қарай және ЭЫДҰ елдерінің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, қылмыстың келесідей түрін алдын алуға бағыт алынды. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг сияқты профилактикалық құралдар енгізілді; сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жүйесі жетілдірілді; лауазымды тұлғалардың сыйлықтарды сыйлауына және алуына толық тыйым салынды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама институты іске қосылды, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік күшейтілді және комплаенс-қызметтер енгізілді.

Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылдың бүгінгі моделі кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруды, заңның үстемдігін, мемлекеттік институттардың транспаренттілігі мен есептілігін қамтамасыз етуді, цифрландыруды кеңейтуді, сондай-ақ қоғамды саяси жаңғыртуды қоса алғанда, бірнеше бағыттың призмасы арқылы жүйелі реформалауға негізделеді, - деп атап өтті М. Ахметжанов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының пікірінше, жүргізілген жүйелі реформалардың арқасында Қазақстан 10 жыл ішінде сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде өз позициясын 133-тен 94-ке дейін жақсартты, ал Халықаралық Заң Үстемдігі индексінде еліміз бүгінде 128 мемлекеттің ішінде 62-орынды иеленді.

Биыл Президенттің тапсырмасы бойынша Агенттік 2022 - 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту тұжырымдамасын әзірлеуде. Бұл жұмысқа азаматтық қоғам өкілдері белсене қатысты. Онда революциялық новеллалардың бірі негізсіз баю үшін жауапкершілікті енгізу болып табылады, - деп атап өтті агенттік төрағасы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы туралы айта келе, ведомство басшысы өзара іс – қимылды қамтамасыз ете отырып, үш басты функция – алдын алу, анықтау және тергеу, Агенттік нақты саланы кешенді талдауға-интеграцияланған аналитикаға көшетінін атап өтті. Қылмыстық схемалар мен жасырын ұрлықтар тергеу объектілері болып табылады.
Бүгінде жаңа талаптар бойынша барлық мемлекеттік органдарда жобалық басқару енгізілуде. Яғни, нәтижеге шоғырлану. Мұндай тәсіл лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін дербестендіруге, нақты және өлшенетін мақсаттар қоюға және ортақ мақсаттарға жету үшін күш – жігерді біріктіруге мүмкіндік береді, - деп түйіндеді ол.

Бағалау қорытындылары Президентке енгізілетін және жарияланатын елдегі сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы Ұлттық баяндамада көрініс табады.

Өзгелердің жаңалығы