Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген тұрғындар мәселелерін қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандықтар жұмыспен қамту, жастар практикасы, регрессиялық төлемдер, мүгедектігі бар адамдарды қолдау шаралары, 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемдер мәселелері бойынша жауап алу үшін министрге жүгінді.
Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді.
Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешу бойынша көмек көрсетуді тапсырды.