БАҚ өкілдері Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен сұйытылған газ алдағы уақытта қаншалықты қымбаттауы мүмкін екенін сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сәтқалиев газ бағасы бірден өспейтінін айтты.
Сұйытылған мұнай газының бағасын кезең-кезеңімен, бірден өсіп кетпейтіндей етіп өзіндік құнына дейін жеткіземіз. Қазақстанда қазір баға диапазоны бар. Бір литрі - 50-80 теңге аралығында. Алайда бұл өнімнің өзіндік құны – кемінде 110 теңге. Бұл бағаны бірден қоймаймыз, бірте-бірте соған жетеді, — деді ведомство басшысы.