Сүт безі обырын жасанды интеллект анықтайды

2 Тамыз 2023, 17:02
862
Бөлісу:
Сүт безі обырын жасанды интеллект анықтайды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Жасанды интеллект жүйесінің сүт безі обырын анықтау тиімділігі, рентгенолог-дәрігермен пара-пар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ДДСҰ деректеріне сәйкес обырдың бұл түрі - әлемдегі ең кең таралғаны. Жылына 2,3 млн әйел дәл осы дертке шалдығады екен.

Аталған скрининг ауруды ерте сатысында анықтай отырып, оның сәтті емделуіне оң ықпал етеді. 

The Guardian мәлім еткендей, аталған жүйеге өзбетінше диагностика жасауды тапсыру үшін көп жыл өту қажет.

Швецияның Лунд университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес жасанды интеллектті енгізе отырып, дәрігерлер жүктемесін азайтуға болады. 

Бұл экспериментке 80 мың әйел қатысты. Олардың орташа жасы - 54. Сүт безі обырына жасалған зерттеулер кезінде нәтижелердің жартысын рентгенолог-дәрігерлер қарастырса, қалғанын - жасанды интеллект зерделеген.

Белгілі болғандай, жасанды интеллект 244 (28%) әйелде, дәрігерлер - 203 (25%) әйелде сүт безі обырын анықтаған. Аталған жүйе 41 әйелде ауруды анықтауға септескен. 19 әйелде обыр - инвазивті болса, 22 әйелде - in situ болған.

Жалған оң әсер көрсету жиілігі екі топта да 1,5%-ды құраған. Ғалымдардың сөзінше, жасанды интеллекті қолдану арқылы рентгенологтардың жүктемесін 40%-ға азайтуға болады. 

Бұл ретте жасанды интеллект нәтижелерін дәрігерлер қайта тексергенін айта кеткен жөн. 

Өзгелердің жаңалығы