Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың көпсалалы медицина орталығында онкологтар мен маммологтардың қатысуымен ашық есік күні өтті.
Қабылдау әйелдер ауруларының ерте сатысының алдын алу және анықтау мақсатында жүргізілді. Іс-шара Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігі туралы хабардар ету күні аясында ұйымдастырылды.
Сүт безі қатерлі ісігі онкологиялық аурулар мен өлім-жітім құрылымында әлемде және Қазақстанда әйелдер арасында жетекші орын алады, деп ескертеді дәрігерлер.
Сүт безі патологиясының негізгі белгілеріне кеудедегі ауырсыну, ісіктің сезілуі, сұйықтықтың бөлінуі жатады.
Бұл аурудың алдын-алу шаралары профилактика, стрессті жеңілдету және салауатты өмір салтын сақтаудан тұратын үш кезеңді қамтиды.