Суретшілер Тик-ток қосымшасы арқылы халықты вакцинациялауға шақырды

6 Тамыз 2021, 14:24
5725
Бөлісу:
Суретшілер Тик-ток қосымшасы арқылы халықты вакцинациялауға шақырды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысының талантты суретшілері өз шығармашылығы арқылы вакцинацияның адам өміріне қалай әсер ететінін көрсетті. Олар халықты вакцинацияға шақыратын суреттерін танымал Тик-ток желісіне жариялады.

Суретшінің бірі - Еркеғали Иманғали. Ол қазір ешкім қорғанудан шет қалмауы керек деген ойда.

Ауру көптеген адамның өмірін қиды, менің ойымша, біз бәріміз біріккенде ғана осы қорқынышты вирусты жеңе аламыз. Біз өз суреттеріміз арқылы вакцинацияланбаған адамның КОВИДТІ жұқтыру қаупі үлкен екенін көрсетеміз, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында соңғы 2 аптада індеттің өсу қарқыны 0,8%-дан 1,0%-ға дейін жетті.

Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Райымбек, Сарқан аудандарында және Қапшағай қаласында байқалды.

Соңғы тәулікте облыста КВИ-дің 300 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны - 0,9%. Оның ішінде 266 симптомдық және 34 симптомсыз жағдай. 14 жасқа дейінгі балалардың КВИ анықталған жағдайлары - 49, оқушылар арасында 30 және студенттер арасында 3 жағдай.

6 тамыздағы жағдай бойынша Алматы облысында барлығы КВИ-дің зертханалық расталған 33 959 жағдайы тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы