Сұранысқа ие мамандықтардың жалақысы қандай?

26 Мамыр 2022, 12:49
3818
Бөлісу:
Сұранысқа ие мамандықтардың жалақысы қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Оқу жылының соңында елімізде қандай мамандар тапшы деген сұрақтың өзектілігі артады. 

Сондықтан Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының Жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімінен 2022 жылы қандай мамандықтардың сұранысқа ие екенін және олардың жалақы мөлшерін сұрап білдік.

Олардың дерегінше, құрылыс саласында инженер-сметашы, учаске электригі, прораб, шебер, құрылыс нысанындағы қара жұмысшы, тас қалаушы, арматура орнатушы, бетоншы, дәнекерлеуші және инженерлер қажет екен.

Құрылыс саласындағы мамандар

Жалақы мөлшері

Инженер-сметашы

100 000-350 000 теңге

Учаске электригі

175 000-380 000 теңге

Прораб

250 000-350 000 теңге

Шебер

220 000-350 000 теңге

Құрылыстағы қара жұмысшы

120 000-300 000 теңге

Тас қалаушы

107 000-300 000 теңге

Арматура орнатушы

150 000-450 000 теңге

Бетоншы

150 000- 280 000 теңге

Дәнекерлеуші

180 000-450 000 теңге

Инженер

150 000-350 000 теңге

РТО инженері, инженер-энергетик

200 000-450 000 теңге

Сауда-саттық саласында сұранысқа ие мамандар қатарында сатушы, кассир, сату менеджері, сауда өкілі, ЖҚС операторы, наубайшы, кондитер бар. 

Сауда-саттық саласындағы мамандар

Жалақы мөлшері

Сатушы, кассир

80 000-150 000 теңге

Сату менеджері

100 000-400 000 теңге

Сауда өкілі

120 000-350 000 теңге

ЖҚС операторы

100 000-130 000 теңге

Наубайшы, кондитер

100 000-180 000 теңге

 Денсаулық сақтау саласында дәрігер, медициналық қызметкер, медбике сұранысқа ие.

Денсаулық сақтау саласындағы мамандар

Жалақы мөлшері

Дәрігер

80 000-400 000 теңге

Медициналық қызметкер

80 000-250 000 теңге

Медбике

120 000-350 000 теңге

Тұру және тамақтану саласында аспаз, администратор, бариста, тазалаушы, даяшы мамандары қажет.

Тұру және тамақтану саласындағы мамандар

Жалақы мөлшері

Аспаз

80 000- 250 000 теңге

Администратор

120 000-220 000 теңге

Бариста

120 000-150 000 теңге

Тазалаушы, даяшы

80 000-150 000 теңге

Тасымалдау мен сақтау саласында әртүрлі санаттағы жүргізуші, инженер-механик, автомеханик мамандар қажет. 

Тасымалдау мен сақтау саласындағы мамандар

Жалақы мөлшері

Әртүрлі санаттағы жүргізуші

120 000-500 000 теңге

Инженер-механик

150 000-300 000 теңге

Автомеханик

100 000-300 000 теңге

Жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімі атаған соңғы сала – өндіріс саласы. Ондағы сұранысқа ие мамандарға дәнекерлеуші, реттеуші, тігін жабдығының операторы, құрастырушы, монтажшы, қалыптаушы кіреді. 

Өндіріс саласындағы мамандар

Жалақы мөлшері

Дәнекерлеуші

150 000-350 000 теңге

Реттеуші

150 000-270 000 теңге

Тігін жабдығының операторы

120 000-220 000 теңге

Құрастырушы

120 000-280 000 теңге

Монтажшы

170 000-250 000 теңге

Қалыптаушы

200 000-250 000 теңге

Аталған бөлім деректерінен бөлек, қызметкерлерді жұмысқа алу сайттарына да талдау жасадық. Оның нәтижелері негізінде Қазақстанда 2022 жылы сұранысқа ие мамандықтарға сату жөніндегі менеджерлер, SMM мамандары сияқты бизнесті құру, қолдау және дамыту мамандары, IT мамандар, бухгалтерлер, көлік жүргізушілері, аспаздар, мұғалімдер, дәрігерлер және жұмысшы мамандықтар жатады. 

Қорыта келгенде, елімізде жұмысшы мамандардың экономист, юрист секілді ел ішінде беделді саналатын мамандықтардан гөрі сұранысқа ие екенін айтқымыз келеді. Жалақылары да «беделге ие» қызметтерден кем емес.

Өзгелердің жаңалығы