Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Super Bol шәкірттерінің ойынын 60 скаут бақылайды

20 Тамыз 2022, 10:47
1747
Бөлісу:

Кәсіби спортты армандаған жас таланттар футбол клубтарымен келісімшартқа отыруы мүмкін, деп хабарлады BAQ.KZ  «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Ертең елордада «супер бол» жобасының шешуші ойыны өтеді. Ауыл-аймақтан шыққан дарынды жастар «Жеңіс» командасына қарсы ойнамақ. Доп додасына 60-тан аса скаут келеді. Олардың арасында Италиялық «Торино» мен мәскеулік «Спартактың» да мамандары бар.

Осыған дейін арман қуған 6 мың жеткіншектің ішінен 25 жас іріктелген болатын. 16 мен 25 жас аралығындағы спортшылар 2 ай бойына ұлттық құраманың базасында білікті мамандармен бірге жаттықты. Қазірдің өзінде бірқатар ойыншы белді клубтардың көзіне түсіп үлгерген. Енді ертеңгі ойында шеберліктерін тағы бір дәлелдесе кәсіби спортшы атанады.

Өзгелердің жаңалығы