Сұлтановтан Балаеваға дейін: Ақпарат саласын кімдер басқарды?

28 Маусым 2021, 16:29
2961
Бөлісу:
Сұлтановтан Балаеваға дейін: Ақпарат саласын кімдер басқарды?
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні. БАҚ – қоғам мен бұқараны, билік пен халықты байланыстыратын күш екені белгілі. Ал әр мемлекетте ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган – министрліктің болуы заңды. Еліміз егемендікке қол жеткізген жылдар ішінде 20-ға жуық министр басшылық етіпті. Тәуелсіздік жылдарынан бері әр жылдары ақпарат саласын кімдер басқарғанын еске алуды жөн көрдік.

1991 тамыз – 1993 қаңтар

1991 жылы тәуелсіздікке енді қадам басқан кезде Қазақстан Республикасының тұңғыш Үкіметінің құрамында мемлекеттің Баспасөз және ақпарат министрлігінің тізгінін мамандығы журналист Қуаныш Сұлтанов ұстады. Оған дейін ол Қазақстан Компартиясы Идеология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған болатын. Қуаныш Сұлтанұлы Баспасөз және ақпарат министрлігінде 1993 жылғы қаңтар айына дейін жұмыс істеді.

Сұлтановтан Балаеваға дейін: Ақпарат саласын кімдер басқарды?

1993 қаңтар – 2001 мамыр

1993 жылы жыл басынан бастап Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі болып атауы өзгерген министрлікке дипломат, журналист Алтынбек Сәрсенбайұлы басшылыққа келді. 1995-1997 жылдары министрлік Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттік ретінде құрылды. Одан кейін де ведомство атауы бірнеше рет өзгерді.

Сұлтановтан Балаеваға дейін: Ақпарат саласын кімдер басқарды?

2001 мамыр – 2003 қыркүйек

2001 жылы мәдениет, ақпарат пен қоғамдық келісімді бір арнаға тоғыстырған министрліктің басына Мұхтар Құл-Мұхаммед келді. Ол министрлікке келгенге дейін «Қазақ энциклопедиясының» бас редакторы, Сенат депутаты болған.

Сұлтановтан Балаеваға дейін: Ақпарат саласын кімдер басқарды?

2003 қыркүйек – 2004 шілде

Аталған кезеңдерде ҚР Ақпарат министрлігін Сауытбек Әбдірахманов басқарды. Бұған дейін «Қазақстанның телевизиясы мен радиосы» корпорациясының, «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы болған.

Сұлтановтан Балаеваға дейін: Ақпарат саласын кімдер басқарды?

2004 шілде – 2004 қыркүйек

Осы уақыт аралығында Ақпарат министрлігіне Алтынбек Сәрсенбаев қайта келді.

Сұлтановтан Балаеваға дейін: Ақпарат саласын кімдер басқарды?

2004 қыркүйек – 2006 қаңтар

Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне Есетжан Қосубаев министр болып тағайындалды.

Сұлтановтан Балаеваға дейін: Ақпарат саласын кімдер басқарды?

2006 қаңтар – 2008 мамыр

Жоғарыдағы атаумен жұмысын жалғастырған министрлікке басшы болып Ермұхамет Ертісбаев атқа қонды. Ертісбаев оған дейін ҚР Президентінің кеңесшісі болған.

Сұлтановтан Балаеваға дейін: Ақпарат саласын кімдер басқарды?

2008 мамыр – 2010 наурыз

Осы жылдары министрліктің басшылығына оған дейін Президенттің Баспасөз хатшысы, Қызылорда облысының әкімі болып қызмет еткен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед қайта оралды.

2010 наурыз – 2012 қаңтар

Бұл кезең аралығында Байланыс және ақпарат министрлігінің тізгіні Асқар Жұмағалиевке сеніп тапсырылды. Оның алдында «Қазақтелеком» АҚ президенті болған қоғам және мемлекет қайраткері түрлі ұйымдарда басшылық еткен.

Сұлтановтан Балаеваға дейін: Ақпарат саласын кімдер басқарды?

2012 қаңтар – 2013 қаңтар

Дархан Мыңбай Мәдениет және ақпарат министрлігіне тұп-тура бір жыл мерзімге таққа отырды. Айта кететін жайт, 2008–2012 жылдар аралығында белгілі қоғам қайраткері аталған министрліктің вице-министрі болған.

Сұлтановтан Балаеваға дейін: Ақпарат саласын кімдер басқарды?

2013 қаңтар – 2014 наурыз

Министрлікке Мұхтар Құл-Мұхаммед үшінші рет қайта оралды.

2014 наурыз – 2015 мамыр

Байланыс және ақпарат агенттігі болып өзгерген агенттік басына Асқар Жұмағалиев қайта отырды.

2015 мамыр – 2016 мамыр

Осы кезеңде министрліктің кей бөлімдері бірнеше ведомствоның қарамағына берілді. Атап айтатын болсақ:

Инвестициялар және даму министрлігі деп аталған ведомство Әсет Исекешевке сеніп тапсырылды. 

Сұлтановтан Балаеваға дейін: Ақпарат саласын кімдер басқарды?

2016 қыркүйек – 2018 сәуір

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін Нұрлан Ермекбаев басқарды.

Сұлтановтан Балаеваға дейін: Ақпарат саласын кімдер басқарды?

2016 қыркүйек – 2018 мамыр

Жоғарыда аталған министрлікке басшылыққа Дархан Қалетаев келді.

Сұлтановтан Балаеваға дейін: Ақпарат саласын кімдер басқарды?

2016 мамыр – 2019 ақпан

Осы уақыт аралығында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі деп аталған ведомствоны Дәурен Абаев басқарды. Абаев оған дейін ҚР Президентінің кеңесшісі болған.

Сұлтановтан Балаеваға дейін: Ақпарат саласын кімдер басқарды?

2019 ақпан – 2020 мамыр

Ведомство Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі деген атауға ие болып, Дәурен Абаев басқаруын жалғастырды.

2020 мамыр – қазіргі уақытқа дейін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тізгіні былтырдан бері Аида Ғалымқызы Балаеваға берілді. Қазіргі таңда бұл ведомство ақпарат, мемлекет және азаматтық қоғамның жұмыстарын үйлестіріп отыр.

Сұлтановтан Балаеваға дейін: Ақпарат саласын кімдер басқарды?

Өзгелердің жаңалығы