Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Сұлтанов үлескерлердің мәселесі толығымен қашан шешілетінін айтты

9 Қаңтар 2019, 10:43
7924
Бөлісу:

Астана, baq.kz тілшісі. Елордада үлескерлердің мәселесі 2022 жылға дейін шешіледі. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

Оның пікірінше, қаладағы өзекті мәселелердің бірі – құрылысы аяқталмаған объектілер екен.

«Қалада мұндай 29 объект бар. Үлескерлердің мәселесін шешу мақсатында біз 2022 жылға дейін проблемалы объектілердің құрылысын аяқтау бойынша Жол картасын дайындадық. Ол нақты экономикалық есептерге негізделген», - деді ол Астана қаласы активінің отырысында.

Қалалық әкімдіктің ақпаратына сәйкес, шаһарда 10 344 үлескер бар.

Дәурен Ерболат

Өзгелердің жаңалығы